Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстандағы өлімнің 82 пайызы жұқпалы емес аурулардан болады — сарапшы

222

Буздің ауруларымыздың барлығы — теріс өмір салтының нәтижесі. Біз көп тамақтанып, ішімдік ішіп, темекі тартатын болдық. Коронавирус эпидемиясы жаңа пайдалы әдеттерді қалыптастыру керегін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұзақ әрі сапалы өмір сүру үшін денсаулыққа пайдалы тағамдарды көбірек жеп, пайдасыз тамақтарды азайту қажет. 

—  Қазіргі әлемде инфекциялық аурулар азайды. Мәселен, адамзат вакцинаның арқасында шешек аруын жеңіп шықты. Қазіргі кезде оба немесе тырысқақ секілді қауіпті эпидемиялар жоқ. Қазіргі вирустар кейінгі жылдары пайда болды. Әлемде, сондай-ақ біздің елде де инфекциялық емес  аурулармен күрес мәселесі өзекті болып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша,

жұқпалы емес аурулардан жыл сайын 41 млн адам көз жұмады,

бұл әлемдегі барлық өлімнің 71%-ына тең.

Осы себепті өлім-жітімнің 40%-ы (15 млн) – 30-дан 69 жасқа дейінгі адамдар.

Инфекциялық емес аурулардан қайтыс болу жағдайларының 80%-ы:

  • жүрек-қан тамырлары (ең алдымен инфаркттар мен инсульттер)),
    қатерлі ісіктер,
  • созылмалы респираторлық (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронх демікпесі),
  • ІІ типті қант диабетінен болады.

Қазақстанда өлім-жітім құрылымында инфекциялық емес аурулардан қайтыс болғандардың үлесі 82%-ды құрайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, төрт жұқпалы емес аурудың бірінің себебінен мерзімінен бұрын қайтыс болу ықтималдығы 27%-ды құрайды. Олардың барлығы теріс өмір салты мен зиянды әдеттердің салдарынан болады. Бұл дұрыс тамақтанбау және алкогольді шамадан тыс тұтыну, нашақорлық, темекі шегу және қозғалысы аз өмір салты.

Еліміздегі 14 жасқа дейінгі балалардың 25%-ында артық салмаққа қатысты мәселе бар, олардың жартысына жуығына «семіздік» деген диагноз қойылған

Қазіргі мектеп оқушылары сөмкелеріне оқулықтарымен бірге  денсаулығына зиян тіске басарларды да салады. Ертең олардың денсаулығы қандай болады?

Денсаулыққа зиянды әдеттерден қалай арылуға болады?

— Өткен 2019 жылы мен Армения мен Қырғызстандағы халықаралық конференцияларда болдым. Біз инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларынан болатын зиянды азайту тұжырымдамасын талқыладық. Бұл қоғамдық денсаулық сақтаудың перспективалық стратегияларының бірі, мінез-құлықтық қауіп факторларының теріс салдарын азайтуға бағытталған.

Өйткені, әрбір адам өз өмірінде түбегейлі өзгерістерге дайын емес. Сонымен қатар, адам тамақ ішпесе болмайды, ол бірден темекі шегуді қойып немесе ішімдіктен бас тарта алмайды.

Стратегияның мәні — зиянды әдеттерді зияны азырақ әдеттерге алмастыру

Мысалы, егер адам темекіні тастай алмаса, ең алдымен темекі келетін зиянды азайтуға тырысып, электрондық темекіге өту керек.

Тамақтануда қант пен тұздың мөлшерін азайтып, жемістер мен көкөністерге ауысу, май және қуырылған тамақтарды азырақ жеген жөн.

Жалпы, мен жиі сатып алатын азық-түліктің құрамына назар аударуды ұсынамын: азық-түліктердің заттаңбаларын мұқият оқып, құрамында трансмайлар мен ГМО болмауына көңіл бөлген дұрыс.

Біз тамақтануға қатысты жаңа тәсілдер мен мәдениетті қалыптастыруымыз керек. Алкогольді сусындарды тұтыну мәдениетін өзгерткен жөн, мәселен  күшті ішімдіктердің орнына этил спирті азырақ (вино немесе сыра) өнімдерді пайдалану қажет.

Әрине, қалыпты өмір салтын бірден өзгерту қиын. Алайда жұқпалы емес аурулардың дамуын азайту үшін, салауатты өмір салтын  қалыптастыру керек.

Дұрыс тамақтануға көшетін уақыт келді

Оқшаулану, өз алдына психологиялық қиындықтар алып келді. Бұған қаржылық немесе экономикалық мәселелер секілді карантиннің салдарын да қосыңыз. Егер адамның бойында бұрын да зиянды әдеттері болса, оқшаулану режимі оларды тек күшейтіп жібереді.

Зиянды әдеттерден толық бас тарта алмайтын немесе арылуды қаламайтындарға мен олардан келетін зиянды азайтуға тырысуды ұсынамын.

  • Тұздан бас тарта алмайсыз ба, тағамға дәмдеуіштер (сумах, кардамон, корица және т.б.) қосуға тырысыңыз.
  • Тәттіден тарта алмайсыз ба, кәмпиттер мен тәтті тоққаштарды жемістер мен кептірілген жемістерге ауыстырыңыз.
  • Темекіні тастай алмайсыз ба, оның санын қысқартыңыз. Біртіндеп жеңіл электронды шылымдарға, айкостар немесе түтінсіз өнімдерге көшіңіз. Ең бастысы, олардың сапасына, өндірушілеріне мән беріңіз.
  • Өз өміріңізді алкогольсіз елестете алмайсыз ба, күшті спирттік ішімдіктердің орнына шарап пен сыра ішіп көріңіз.

Пандемия көптеген адамға денсаулық сияқты ресурстың маңыздылығын түсінуге көмектесті.

Өзін-өзі оқшаулау режимі өз өмір салтына түзетулер енгізуге, өз денсаулығына деген көзқарасты қайта қарауға,

зиянды әдеттерден бас тартуға және пайдалы нәрселерді жасауға мүмкіндік береді.

Егер кеңседе жұмыс істегенде тіске басарларды көбірек жесеңіз, қазір дұрыс тамақтануға көшетін уақыт келді.

Аз мөлшерде және жиі тамақ ішу керек. Таңертең ботқа жеген денсаулыққа пайдалы. Тұз бен қантты азырақ пайдаланып үйреніңіз.

Йога немесе қытай гимнастикасы жаттығуларының оңай әрі тез жасалатын кешендерін үйреніңіз. Таңертең ертетек оянып, жаттығу жасап, жылы су ішіңіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз