Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандағы ғылымды жемқорлықтан құтқару керек — тарихшы

189
Сурет: google.com.ua

2019 жылдың қорытындысы бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы қызметтерге 134,37 млрд теңге жұмсалған.  Бұл 2018 жылға қарағанда 3,5%-ға артық. Бұл жөнінде  ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, finprom.kz сарапшылары жазды.  Олардың мәліметтері бойынша, барлық қызметтердің 92,9%-ы еліміздің бес өңірінде көрсетілген.

Ақша қайда кетіп жатыр?

Көшбасшы аймақтардың тізімі келесідей:

  • Алматы — 47,9% (64,4 млрд теңге),
  • Нұр-Сұлтан-21,7% (29,1 млрд),
  • Шығыс Қазақстан облысы — 7,9% (10,56 млрд),
  • Атырау облысы — 7,7% (10,4 млрд),
  • Маңғыстау облысы-7,7% (10,34 млрд).

Бұл ретте сектордағы барлық қызметтердің 89%-ы жаратылыстану ғылымдары мен инженерия саласында көрсетілген.

Ақшаны кімнің алып жатқаны белгісіз

Тарихшы,  Асылбек Бисенбаевтың пікірінше, ұсынылған деректерде түсініксіз жайттар өте көп.

— Нақты тапсырыс жоқ, тек жалпылама сөздер ғана. Мысалы, ғарыш саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер дегеніміз не? Бұл зымырандар ма, әлде жұлдызды аспан картасы, спутник, ғарышкерлерді қорғау жүйесі ме?

Асылбек Бисенбаев

Барлық тармақ бойынша да солай. «ЖҚЗ-ны ашық ғарышқа шығу кезінде ғарышкерлерді қорғау жүйесін құруда қолдану (атауы)». Немесе газ өндіру кезінде бұрғылау үшін жаңа нәрсе жасау.

Аймақ бойынша бөлуде де мәселе туындатады. Ақша ғылыми мекемелерге берілуі керек

Олар институттар,зертханалар, кешендер немесе уақытша ғылыми-зерттеу ұжымдары. Мысалы, ғылым министрлігінің химия ғылымдары институты немесе облыстық геологиялық экспедицияның геологиялық зертханасы.

Нәтижесі қандай?

Ал өңірді қаржыландыру ақылға сыймайды, олай болмауы керек. Сонымен қатар,

іске асыру мерзімдері (ай, жыл, екі жыл және т. б.) мен зерттеудің қорытындылары көрсетілуі тиіс

Мысалы, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде аппарат құрылды, өндірудің жаңа тәсілі немесе бұрынғы әдістері жетілдірілді.

Есеп «ақша жұмсалды, нәтижеге қол жеткізілді» түрінде болуы керек. Ал біздікілер тек ақша жұмсалды деп жазады

Нәтижесі көрсетілмейді. Барлық тармақта нақты зерттеуге кеткен шығын көлемі көрсетілуі тиіс. Оның құрамына

  • іссапарлар,
  • жабдықтың құны,
  • сынақ,
  • шикізат пен жабдықтарды сатып алу,
  • техника жасау,
  • қызметкерлерге жалақы төлеу  және т. б. кіреді.

Соңында қызметкерлер санының және жалақы деңгейінің өсу  деңгейі көрсетілген. Бұл да толық ақпарат емес, өйткені олар бұл ақшаға не істегені түсінуіксіз. Сонымен қатар, жалақы неге және қандай объективті себептерге байланысты өскенін де білгіміз келеді?

Сондықтан

бұл деректер бойынша, кез келген әккі тыңшы да қазақстандық ғылымның немен айналысып және нені өндіріп жатқанын анықтай алмайды!

—деп әзілдеді Бисенбаев.

Жемқорлық схемалары

— Шындығына келгенде бұндай бұлдыр есептердің ар жағында нені жасыруда?

— Өйткені, кез келген  грант, тапсырыс және т.б. секілді ақшаны алу үшін нақты тапсырыс қажет. Тапсырыс беруші анық және айқын тұжырым беруге міндетті. Мысалы, «химиялық әдістерді қолданып немесе қолданбай нақты сала жағдайында шегірткемен күресу әдістерін әзірлеу». Өтінімде үміткер зерттеу жұмысының көлемін, мерзімін, тартылған қаражатты көрсетуі тиіс. Ғалымдар, олардың тәжірибесі, жетістіктері, ғылыми базасы және т.б. деректерді ұсынуы қажет.

Егер бұлай болмаса, сыбайлас жемқорлыққа жол ашылады

Алаяқтықтың ең оңай жолы: қолда бар әзірлемелерді алып, содан кейін ішінара елеулі өзгерістер енгізіп, түпнұсқа және жаңа жоба ретінде ұсыну. Мұндай комбинациялардың жолын кесу үшін осының бәрін тексеретін сараптау комиссиясы болуы тиіс.

Қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары

— Есептен көріп отырғанымыздай, гуманитарлық ғылымдарға айтарлықтай аз ақша бөлінеді, ал кейінгі кезде тіпті бұл бағытты қысқартуда. Бұндай теңсіздіктің себебі неде?

—Қаражатты бөлу 50-де 50 болуы мүмкін емес. Бірақ бұл жағдайда ол бәрібір дұрыс бөлінбеген. Гуманитарлық ғылымдарға расымен  өте аз ақша қарастырылған.

Сұрақ, қазірдің өзінде әрекет етуі тиіс мемлекеттік бағдарламалардың жағдайы қалай болады? Бұл «Алтын Орданың құрылғанына 800 жыл», «Абайдың мерейтойы», ең бастысы — «Рухани жаңғыру» бағдарламалары

Олардың барлығында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, конференциялар өткізеді, ғылыми еңбектерді басып шығарады. Қазір бұл жобалардың жабатыны немесе екінші және үшінші орынға ығыстыратыны түсініксіз.

Ғылымды қаржыландыруды қысқартады

— Бүгінде дағдарыс жағдайында қаражатты оңтайландыру керек шығар? Қаржыны қолда бар маңызды ғылыми жобаларға бағыттаған жөн болар?

— Барлығы бюджетке байланысты. Бюрократия өзгерістерді және ақшаны бір саладан екіншісіне ауыстырғанды ұнатпайды. Бұл оңай жүргізілетін рәсім емес. Бюджет комиссиясының отырысы өткізіп, негіздеме дайындау қажет,  ары қарай Үкіметте, Парламентте бекітеді және т.б. Қысқартудың болатыны сөзсіз, тіпті басталып та кетті.

Бюджетте үлкен тесік пайда болды, БЖЗҚ-ның және басқа да қорлардағы қаржыға «қол салуда».

Мұнай бағасы құлдырады. ҚХР, біздің негізгі экономикалық әріптесіміз өндірісті қысқартуда, сәйкесінше біздің  мұнай мен газ секілді шикізаттарымызды тұтынуды қысқартады. Үкімет дағдарысты жеңе алмайды. Қаражаттың басым бөлігін сыбайлас жемқорлық жеп қояды. Ол үшін экономикалық саясат пен саяси жүйені түбегейлі өзгерту қажет. Сондықтан бюджет шығындарын қысқартудан басқа жол жоқ.


Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз