Сәнді болып жүру қазіргі заманда қиын емес, алайда өзіндік стиліңді табуды да оңай шаруа деп айта алмаймыз. Әйелдердің жақсы киінетіні жаңалық емес. Енді сәнді киінетін еркектердің де тізімін жасадық
1. Марат және Виктория Моминбаевтар
Марат Моминбаев мұнай және газ саласында жұмыс атқарып жүргенде әйелі Виктория үйінде алты баланы бағудан бөлек, өз-өзіне қарап та, қайырымдылықпен айналысып та үлгереді. Жұп жұрт алдына шыққанда құрмет пен қошеметке бөленеді.



https://kaz.365info.kz/s-n-oj-eken-migratsiyaly-politsiyany-basty-y-osy-245354
2. Ержан Рашев пен Джулиана Карузо
Жас әрі табысты жұп. Қазақ баласы мен итальяндық келіннің арасындағы махаббаты жайлы бәрі де біледі. Қазірде бұл жұп әлеуметтік желілерде парақшаларын белсенді жүргізуде.



3. Ерлан мен Гүлшат Нұрпейісовтер
Бұл жұпта бәрі де ортақ: бизнес те, би де. Отбасылық тұрмыс, бала тәрбиесінен бөлек, олар билейді! Әрқайсысының өзіндік жарқын стилі бар екенін аңғару қиынға соқпайды.



4. Денис Стародубцев пен Ксения Сухомазова
Ксенияны халық “Рахат-Лукум” тобындағы әншілік өнерінен таниды. Алайда, Денисті көргеннен соң, Ксенияның өмірге деген көзқарасы өзгерді. Қазір ол “I fly” рок группасының әншісі. Жұп өте жарасымды көрінеді.



5. Дастан Молдаханов және Диля Саду
Бұл жұп жайлы басқаларға қарағанда көп айтыла бермейді. Соған қарамастан, әр кештерде ерекше киім киістерімен көзге түседі. Жұп көңіл көтерумен қатар, кәсіпкерліктің де қыр-сырын жақсы біледі.



https://kaz.365info.kz/kesi-d-kej-oj-sa-yntaevty-yzy-s-mdy-s-n-oj-eken-225465
Дереккөз: pandaland.kz