Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
426
-0.24
EUR
496
+0.41
RUB
5.99
-0.01

Қазақстанда жер учаскесін беру тетігі өзгереді

249

Бұл туралы бүгін мәжілісте инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін мәжілісте “Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы” заң жобасы қаралды. Қасымбек заң жобасында АЭА қатысушыларына жер учаскелерін беру тетігін өзгерту қарастырылып отырғанын айтты.

“Басқарушы компаниялардан Арнайы экономикалық аймақтар мен Индустриялды аймақ қатысушыларына жер учаскелерін ұсынудың жаңа механизмі енгізіледі.

Бүгінде қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, жер учаскесін алу процесі күрделі. Оған шамамен 6-9 ай уақыт кетеді. Соның салдарынан жобаларды іске қосу мерзімі созылады. Инвесторлар да уақыт жоғалтады. Соңында материалдық шығынға ұшырайды” — деді ол.

Оның айтуынша, заң жобасы қатысушылардың қысқа мерзімде және жеңіл процедуралар арқылы жер учаскелерін алу тәртібін оңтайландыруға бағытталған.

“Атап айтқанда, арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекет меншігіндегі жер учаскелері, Қазақстанның жер заңнамасына сәйкес, басқарушы компанияларға қайтарымды негізде уақытша пайдалануға беріледі. Өз кезегінде басқарушы компаниялар бұл учаскелерді өздері сегменттеп, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына ұсынады”, — деді Қасымбек.

Заң жобасы аясында арнайы экономикалық аймақты басқарушы компаниялардың өкілеттігі мен мәртебесі, сондай-ақ қажетті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекітуде өкілетті органның құзыреті күшейтілмек.

“Бұл шара жер учаскелерін және басқа да рұқсат құжаттарын алу тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ АЭА қатысушылары мен жергілікті атқарушы органдардың тікелей байланысын жояды”, — деді министр.

Депутаттар аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз