Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда болады. “Қазақстандық ипотекалық компания” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Ақшорин қазір жаңа бағдарлама дайындалып жатқанын айтты.
Бұл туралы Today.kz хабарлады.
“Нұрлы жер” бағдарламасы жақында аяқталады.
“Әзірге жоба дайындалып жатыр. Директорлар кеңесі жаңа стратегия жасап шығуға тапсырма берді, одан әрі акционерлер бекітетін болады. Біз бұны жылдың аяғына дейін істеуге міндеттіміз. Бұл бағдарламаны алдымен директорлар кеңесі мақұлдауы тиіс, оған дейін детальдарын айта алмаймын”, – деді Айсұлтан Ақшорин.