Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда жабық экономика: шегінен өттік, енді қайталанбайды – сарапшылар

Фото: Medbeam / stock.adobe.com

2014-2015 жылдардың өзінде жалпы экономикалық белсенділікпен салыстырғанда сыртқы сауданың динамикасы әлсірей бастады.

– Экономиканың ашықтығының өзгеруі экономикалық өсуге немесе құлдырауға ықпал ететін сыртқы және ішкі факторлардың ұлттық экономикаға әсер ету коэффициенті мен күшінің өзгеруіне әкеледі”, — делінген АКРА рейтингінде.

Жалпы, жабық экономика процесі елге жақсы әсер бере қоймайды. Әлемдік экономиканы, атап айтқанда мұнай нарығын қалпына келтіруге үміт әлі де бар. Алайда мұнай бағасына бірқатар түрлі бағыттағы факторлар әсер етеді.

– Мұнай бағасының қысқа мерзімді көтерілуі, тіпті өндіру көлемінің ұлғаюы және ЖІӨ-нің өсу қарқыны деңгейінде импорттың артуы Қазақстан экономикасының ашықтық көрсеткішінің дағдарысқа дейінгі деңгейіне қайтадан жете алмауына әкелуі мүмкін, — деп пайымдайды агенттікте.

Экономист Айдархан Құсайынов осындай үдерістен туындайтын ықтимал тәуекелдерді түсіндірді. Және олар аз емес.

Ашықтық неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы

– Зерттеу нәтижелері шындыққа сәйкес келе ме, қалай ойлайсыз?

— Олармен толықтай келісемін, деректер шындыққа сәйкес келеді, біздің экономикамыздың ашықтығы шынымен де төмендеді. Шын мәнінде, бұл жаңалық емес екені өкінішті.

Экономиканың ашықтығы оның тұрақтылығына әсер етеді. Бұл рейтингтік агенттіктер қолданатын бағалау компоненттерінің бірі. Ашықтық неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Елде белсенді сауда ағындары болған кезде, оның ішкі факторларға тәуелділігі аз болады. Халықаралық саудаға, капитал, тауарлар, қызметтер қозғалысына және т.б. белсенді түрде араласады.

– Қарапайым жергілікті тұрғындар қандай жағдайға тап болуы мүмкін? Кейбір тауарлардың тапшылығы пайда бола ма әлде баға өсе ме? Неден сақтануымыз керек?

— Бұл жерде нақты айту қиын, өйткені мұндай экономикада кез келген сәтте және ешкім күтпеген жерден “келіп жетуі” мүмкін.

Тек экономиканың тұрақтылығы төмендейді, ішкі тәуекелдер саны артады. Жағымсыз жағдайлар өте ауқымды болуы мүмкін.

Шындығын айтқанда,

егер еліміз жүз мың тонна сәбіз сатып және сонша мөлшерде сырттан әкелсе, бұл мүлдем мағынасыз болуы мүмкін

Бірақ іс жүзінде мұның терең мәні ішкі өндірушінің сыртқы нарықтарда жұмыс істейтіндігінде. Бұл, мысалы, өнімнің сапасын жақсартады. Сонымен қатар, біз логистиканың дұрыс болмауынан немесе базардағы саудагерлердің баға келісімі сияқты ішкі факторларға тәуелділігіміз азаяды.

Кез келген сәтте мен ойда жоқ жерден “келіп жетуі” мүмкін

— Басқаша айтқанда, базардағы саудагерлерге балама бар ма?

Айтпақшы, осы тұрғыдан алғанда импортты алмастыру идеясы тіпті зиянды. Импортты алмастыру дегеніміз не? Бұл сәбізді шетелге сатпаймыз, оны тек өзіміз тұтынамыз деу. Мұның ұзақ мерзімді болашақта қандай қаупі бар? Біріншіден, олай істеген кезде олигополиялық топтардың барлық түрлері, яғни жергілікті монополиялар пайда болады. Екіншіден, егер кенеттен сәбіз шықпай қалса болса, мүлдем сәбізсіз қалуымыз мүмкін. Үшіншіден, әртүрлі ішкі қиындықтан туындайды — логистикалық және т.б.

Мінсіз нұсқасы – көп импорттау және көп экспорттау

– Онда көп өсіру керек қой.

– Әрине. Басты идеясы – ішкі нарық тұрақты болады. Егер сіз экспорттық үлесті “қысып”, өзіңіз жеп қойсаңыз, ішкі баға жоғары болуы мүмкін. Ашық экономикада бағалар шамамен теңдестірілген, өйткені нарық теңдестірілген. Жақында қырыққабатпен болған жағдай есіңізде ме? Бағасыр көтеріліп, оны экспорттауға тыйым салынды, содан кейін қырыққабаттың жартысы босқа шіріп кетті, фермерлер шығынға ұшырады, ал баға бәрібір де көтерілді.

Қалыпты теңдестірілген ашық экономикада мұндай болмайды. Егер экономика жабық болса, бұл тұтынушыға қалай әсер ететінін алдын-ала айту мүмкін емес, өйткені жоғарыда айтқанымдай, жағымсыз жағдай кез-келген уақытта және кез-келген бағыттан “келуі” мүмкін. Ішкі дағдарыстардың ықтималдығы тым жоғары.

Девальвация нақты көріністі бұрмалауы мүмкін

– Қазір сәтсіздіктер мен қиындықтарды коронавирусқа жаба салу сәнге айналды. Бірақ сол импорт, агенттіктің мәліметтері бойынша, 2014 жылдан бастап төмендей бастаған. Яғни, ешқандай пандемиясыз-ақ. 

Бұл жерде бір шикілік бар. Біріншіден,

теңге тәрізді Ресей рублі де девальвацияланды, ал импорт американдық доллармен есептеледі

Сонымен, салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейде бұрын жүз доллар тұратын (доллармен есептегенде) белгілі бір өнім құнсызданғаннан кейін 80-ге түскен, дегенмен рубльмен бағасы өзгеріссіз қалған. Ал бізге ең үлкен импорт Ресейден келеді.

Сонда доллар немесе еуромен импорт төмендеді, бірақ физикалық көлемі төмендемеген болуы мүмкін

Мүмкін тіпті өскен де болар.

Алдында айтқанымдай, инфляция ешқашан девальвацияны қуып жете алмайды

Дегенмен, экономика жабық болып, тұрақтылығы азаяды. Жәнен де жақын болашақта ештеңе өзгермейді.

Жалғасы бар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз