Астанада Ұлттық ұлан жауынгерін соққыға жыққан күдіктілер ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталды.
«Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды», – делінген хабарламада.
Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.