«Алматы-Өскемен» тасжолының бойында жол-көлік оқиғасы болды. Toyota Estima жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылып қалды.
Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
Осы жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Құрметті көлік жүргізушілері, сіздерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», – деп жазды полиция департаментінен.