Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстанда заңды түрде жұмыс істеу үшін 2 мыңнан астам шетелдік рұқсат алды

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің айтуынша, шетелдік жұмысшыларға елімізде еңбек етуге рұқсатты жергілікті артқарушы органдар береді. Бұл қызметі түрі электронды үкіметтің „бір терезе„ қағидаты бойынша да жүзеге асырылады.

2017 жылдың 1-қаңтарында қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудың жеңілдетілген тәртібі өз күшіне енді. Оған сәйкес рұқсат беру құжатын қарастыру мерзімі қысқартылып, жұмыс берушіге қойылатын әкімшілік тәртіптердің күші жойылды.

Осындай айырықша жағдай жасалғандықтан жұмыс берушілер сырттан тартқан жұмыс күші үшін салық төлеуді өз мойнына алды. Салық алымының көлемі шетелдік жұмыс күшінің категориясы мен қай салаға бағытталауына байланысты 137-ден бастап 250 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Бұл шамамен 290 мыңнан 530 мың теңге аралығын қамтиды.

Дегенмен жұмыс берушілерден қол астындағы жұмысшылардың тепе-теңдігін сақтау міндеті алынып тасталған жоқ. Басшылық қызметте жергілікті азаматтардың 70 пайызы, білікті кадрлар ішінде 90 пайыздық үлес сақталуы керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз