Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда ұялы байланыс пен желі құны қымбаттайды

Швеция-Финляндиялық Telia компаниясы еуразия нарығынан шығады. Өткен жылы Kcell-дің негізгі акционері ретінде Kcell операторының үлесін сату туралы хабарлады. Тек екі аптадай бұрын ұсынылған мәміленің алғашқы деректері растала бастады.

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитетке «Қазақтелеком» АҚ өз ұсынысын тастады. Ұлттық оператор Ксеll акцияларының 75пайызын сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ол ұялы байланыс нарығындағы басты операторға айналады.

«Біздің бағалауымыз бойынша, Kcell-дің Tele2-нің үлестерін сатып алу үшін компанияға миллиард доллар қажет»,- дейді Beeline-ның корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Алексей Безднь.

Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ-ның үлесінде Altel және ішінара Tele2 бар. Олар нарықтың төрттен бір бөлігін құрайды 25,3 пайыз. Қалғандары Kcell (39,2%) және Beeline (35,5%) арасында бөлінеді. Егер Telia компаниясымен ұсынылатын келісім жасалса, бір оператордың бақылауында жалпы нарықтың 65 пайызы болады. Бұл 17 миллион абонент. Мұндай жағдайда сарапшылардың пікірінше, нарықта бәсекелестік туралы әңгіме болмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз