Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстанда ұялы байланыс арзандайды

160

Бұл туралы бүгін тарифтерді арзандату мәселесі қаралған дөңгелек үстел отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 23 қарашасында министрлікте үлкен кеңес өткізіп, оған барлық операторларды шақырдық. Байланыс операторлары өздері бастама көтерді. Яғни, әлеуметтік тариф жасауға мүмкіншілік бар», – деді ол.

Оның айтуынша, «Қазақтелеком» 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған әлеуметтік тарифті енгізуді жоспарлауда. Оны құны 3499 теңгені құрап, бастапқы тарифтен 5 пайызға арзан болатын. Аталған топтамаға жылдамдығы секундына 10 Мбитті құрайтын интернет және Қазақстан бойынша лимитсіз қоңырау шалу кіреді.

Ал «Қазтранском» алғаш рет байланысқа қосылатын абоненттерге 50, ал абоненттік төлемге 10 пайыз жеңілдік жасамақ. Сонымен қатар интернетке арналған төлем құнын да 15 пайызға арзандатуды жоспарлап отыр.

«Транстелеком» компаниясы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 пайыз жеңілдік жасауды ұсынды. Жалпы, аталған оператордың тарифі өте төмен. Ауыл тұрғындарына 529, ал қалалықтарға 797 теңгені құрайды», – дейді Дарын Тұяқов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз