Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда ұсталған қырғызстандықтардың не бүлдіргені белгілі болды

Қазақстанда ұсталған 4 қырғызстандықтың бірі – қырғыз депутаты Дамирбек Асылбекұлы (суретте: сол жақта бірінші)

“Қазақстан мен Қытай шекарасынан өткен тауарлардың барлық құжаты Қырғыз Республикасына тиесілі деп рәсімделген. Бірақ ол тауар қырғыз жеріне жетпеген, Қазақстанға өткізілген.

Бұл арада біздің азаматтардың кінәсі Қырғызстан Республикасында тіркелген фирмалардың атынан сыртқы сауда келісімшартын жасауда болып тұрған секілді.

Одан бөлек тағы бір болжам бар. Қытайдан Қырғыз Республикасына тауар кеденнен өткенде шикізат деп тіркеледі. Бірақ ол нақтысында дайын тауар.

Одан кейін “Қырғызстанда жасалған” деп жалған құжат жасап тауар Қазақстанға өткізілген болуы да мүмкін.

Қалай дегенмен де бұл қылмыстық жүйе баяғыдан жұмыс істеп келген. Бірақ қырғыз-қазақ қарым-қатынасы бүлінгелі кеден мен шекарадағы қадағалау күшейтіліп, тауарды контрабандалық жолмен тасымалдаушы қырғыздардың жолы кесіле бастады. Бұл сол науқанда құрықталған ірі істің бірі. Өйткені бұл арада қырғыздың, сол секілді қазақты лауазымды тұлғалардың қатысы болуы мүмкін” деп жазады қырғыз басылымы.

https://kaz.365info.kz/nota-zholdady-khazakhstan-men-khyrgyz-respublikasy-arasy-khajtadan-ushykhty-302737

Айта кетелік,  15-ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеденмаңы саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізіп, 29 адам ұсталған, олардың екеуі, кейіннен төртеуі Қырғызстанның азаматы делінді. Олардың біреуі көрші мемлекеттің депутаты болып шықты.

https://kaz.365info.kz/balesin-khara-tanymal-zhurnalist-atambaevtyn-eki-ylken-khateligin-ajtyp-saldy-284850

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз