Дәрігерлер Алматыда тағы үш адамның коронавирус жұқтырғанын анықтады.
«Бүгінге дейін елімізде коронавирус инфекциясына қатысты 13 жағдай тіркелді. Алматыда – 11 ағдай, Нұр-Сұлтанда – екі жағдай», — дейді Денсаулық министрлігі өз хабарламасында.
16 наурыз күні кешке ауру жұқтырған оныншы адам туралы белгілі болған еді. Вирус Стамбұлдан Алматыға оралған әйелден анықталан. Ауру жұқтырған алғашқы екі жағдай туралы 13 наурызда белгілі болды.