ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі сүндетке отырғызу рәсімін ақысыз болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның вице-министрі Берік Арын мәлім етті.
«Әзірге біз жұмыс деңгейінде сүндетке отырғызуды ақысыз медициналық қызметтер тізбесіне қосуды талқыладық. Біз осындай пікірдеміз және бұл ұстаным талқылаудың бастапқы кезеңінде. Осы орайда кері салдарға жол бермеу үшін бұл ұсынысты дайындаудамыз», – деді Арын.
«Сүндетке отырғызу рәсіміне тоқталсақ, біздің заңнамада белгілі бір нормалар жоқ. Біздің ойымызша, осы мәселеде тек діни құрамдауыш қана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесі де қамтылған», – деді ол.