Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда радикалды ислам бағытындағы мыңнан астам балабақша анықталған

Қоғамдық даму министрі Берік Арынның айтуынша, діни бағытты ұстанатын балабақшаларға барған балалардың ата-аналары да діни секталардың мүшелері екен. Жалпы, мұндай балабақшаларға бөбектерді беру де қиын екен.

Себебі, мұндай мектепке дейінгі оқу орындары өз бағыттарын жасырып, тек аз ғана орта арасында ұстанатын бағыттары жайлы айтатын көрінеді. Өкініштісі, былтырғы жылдың өзінде радикалды ислам бағытын балаларға насихаттайды деген күдігі бар мыңнан астам балабақша анықталыпты. Онда 30 мыңнан астам бөбек тәрбиелеген көрінеді.

“Өкінішке орай мұндай балабақшалар тез ашылады. Мысалы, Алматыда осындай жекеменшік балабақша анықталды. Онда көптеген балалар тәрбиелеп келген. Мұндай мектепке дейінгі оқу орнына баратын бөбектердің көпшілігі республиканың басқа аймақтарынан келген балалар”,-дейді министрліктегі мамандар.

Қазіргі таңда үкімет радикалды ислам бағытымен күресу мақсатында, заңды күшейтуді көздеп отыр. Заң жобасы әзірге парламент палаталарында қаралып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз