Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
522
-0.37
EUR
602
+7.51
RUB
6.43
+0.04

Қазақстанда психдиспанер мен наркодиспансерден анықтама алу тегін болады

122

Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне өзгерістер енгізілді. Бұрындары бұл үш анықтама ақылы түрде жасалатын. Шымкент прокуратурасының мәліметінше, бұл анықтамалар 2018 жылдың 2 қазанынан бері тегін беріледі. Осы уақыттан бері ақылы түрде анықтама алған қала тұрғындары өз ақшасын қайтара алады.

 “Бұл үшін анықтама берген мекемеге бару қажет”, – деді қала прокуратурасының өкілдері.

Құзырлы органның мәліметінше, осы уақытта мекеме заңсыз түрде 5 миллион теңге алған. Психоневрологиялық анықтама – 350 теңге, наркологиялық анықтама – 350 теңге және туберкулезға қарсы мекемеден анықтама алу – 220 теңге көлемінде алып келген деректер анықталды.

“Жоғарыда атап көрсетілген мекемелер заңсыз түрде 8 күннің ішінде 5,4 миллион теңге табыс тапқан: туберкулезға қарсы күрес мекемесі – 406 анықтама (89 320 теңге), психоневрологиялық диспансер – 8048 анықтама (2 816 800 теңге), наркологиялық лиспансер – 7359 анықтама (2 575 650 теңге)”, – делінген ведоство өкілдері.

Прокуратура өкілдерінің әрекеті барысында ақылы түрде анықтама беру шарасы тоқтатылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз