Қазақстан азаматтары саяси реформаларды қолдана отырып, прокуратура органдарының өкілеттігін қысқартуды ұсынды.
Бұл туралы мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысынан кейін Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалайыри айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мәселен, жалпы қамтымды қадағалауға ие прокуратураның қызметін тақтылау бар. Олар қылмыстық қудалаумен айналысуы үшін жалпы қадағалау бойынша прокуратура органдарының бірқатар өкілеттігін қысқарту ұсынылып жатыр», – деді ол.
«Әрине, кейбіреулері Мемлекет басшысы бұл өкілеттіктерді неліктен беріп жатыр деп түсінбей жатыр. Олар Президентте қала берсін деуде. Толықтай алғанда, Парламенттің рөлі, мәселен, Үкіметті жасақтауда күйшейеді. Халық Мемлекет басшысының заңдық күші бар Жарлықтар шығармайтындығын дұрыс қабылдауда»,- деді Жалайыри.
Айта кетейік, бұған дейін саяси реформалар жөніндегі жұмыс тобына 500-ден астам ұсыныс түскенін хабарлаған болатынбыз.