Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қазақстанда өзімді үйде жүргендей сезінемін” – Голливуд жұлдызы Кэри-Хироюки Тагава

Әлемдік жұлдыздың сөзінше, Қазақстан мен Жапония – бауырлас елдер, бұл жақта ол өзін үйдегідей сезінеді екен.

Кэри-Хироюки Тагава

“Себеп дейсіз бе? Жапондықтар үйлеріне, өз тамырларына оралады.

Жапондықтардың тамыры – Қазақстанда.

Осы жерде өзімді үйдегідей өте ыңғайлы сезінемін. Адамдардың туысқандық табиғатын сеземін. Құдайға сену, табиғат тағы басқалар да сол сияқты. Заң тұрғысынан қарағанда қалай болатынын әзірге білмеймін. Қазір менің жапондық және америкалық азаматтығым бар”, – деді Хироюки Тагава.

Today.kz тілшісі Тагавадан қазақстандық қай режиссермен жұмыс істегісі келетінін сұрады. Өкінішке орай ол көп ешкімді білмейтін болып шықты.

“Мен Қазақстанның тек бір режиссерімен таныспын. Ол – Анджелина Джолимен фильм түсірген режиссер (Тимур Бекмамбетов – ред.). Мен танитын жалғыз режиссер – осы. Бірақ менің фильмімнің жанры басқа. Бұл жоба кішкене күрделі, бұл жанрдан көп тәжірибем жоқ. Қазір нақты кезеңге басымдық бермей адамдар туралы тарих көрсеткім келеді”, – деді Тагава.

Экшн жанрындағы кино арқылы атағы шыққан актер бұл жанрды құрметтейтінін, бірақ қайтып оралғысы келмейтінін айтты.

“Мен Тимурдың жобалары мен экшн жанрын құрметтеймін, бірақ дәл осы жобаға керегі ол емес. Бәрібір де отыз жыл бойы Голливудтың экшндарына түстім. Қазіргі сәт жаңа бір нәрсенің дәмін татып көруім үшін таптырмас кезең”, – деді Кэри-Хироюки Тагава.

“Жағымды кейіпкерді сомдайтыным үшін қатты қобалжып жүрмін, Голливудта тек жағымсыз рөлдерді сомдадым. Бұл фильм Голливудта түсіретін фильмнен әлдеқайда басқаша. Азиядан шыққан актерлерді олар өздерінше қабылдайды. Егер бейнең мықты азиатқа келіп тұрса, сені азиаттар жаман бірнәрсе жасайтын жағымсыз рөлге алады. Мықты азиаттар үшін Голливудта жағымды рөл жоқ деуге болады.

Бірақ Қазақстанда мен бұл бейнені алып шыға аламын. Алдымда ашылған жаңа мүмкіндіктер үшін ризамын. Біз қазақ хандары туралы тарихи дастанды айтамыз, бұл тарихта қазақтарды қалай көрсететінім мені толғандырады”,  – деді актер.

Естеріңізге салсақ  Голливуд жұлдыздары  Майкл Сорен Мэдсен, Кэри-Хироюки Тагава, Марк Дакаскос және Бай Лин біздің еліміз туралы деректі фильмге түсу үшін Қазақстанға келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз