Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қазақстанда оқу бітірген медицина мамандары аймақтарда үш жыл жұмыс істейтін болды

Алексей Цой мұның не үшін керек екенін атап өтті.

«Бізде оқу орындары Қазақстанның 5 өңірінде бар. Студенттер оқыған соң сол қалада қалғысы келеді. Олардың аймақтарға баруы қиын. 3 жыл ішінде мамандар өзіне тәжірибе жинайды. Сонша жыл оқып, басқа салаға кетіп қалатындар бар. Мәселен, анестезиологтар фармацевт болып кетеді. Кейбірі мүлде басқа салаға ауысады. Мамандарымыз азайып барады. Бүгінде ел бойынша 2,5 адам бар. Ал, жыл сайын 3 мыңға жуық маман оқуын тәмамдайды», – дейді ол.

Вице-министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар бірінші кезекте халықтың амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсетілуіне жауапты болады.

Жаңа Денсаулық сақтау кодексінің жобасы шеңберінде, әкімдіктердің лицензиялаудан кейінгі бақылау, қызметкерлерді басқару және меншік нысанына қарамастан медициналық мекемелерді стандарттарға сәйкес жабдықтау мониторингі үшін жауапкершілігін күшейту жоспарлануда.

«Ел президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жылдың басынан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің жаңа редакциясын әзірлеуді бастады. Бұл заң денсаулық сақтау мәселелерінде қол жеткізілген жетістіктерді біріктіруге және дамытуға, сондай-ақ саланың жүйелі және прогрессивті дамуына негіз болады» деп атап өтті Алексей Цой.

 

Дерек көз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз