Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда мәжбүрлі вакцинация болмайды — Біртанов

155
Елжан Біртанов. Сурет: primeminister.kz

— Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде міндетті вакцинациялауға қатысты Кодексті қабылдауға байланысты қарсы пікір айтып, екпелердің сапасының төмен екенін, сатып алу процесінің әділетті өтпейтінін және тасымалдау талаптарының сақталмайтынын тілге тиек етуде. Бұл қоғамды пікірді ашық түрде бұрмалау! — деп мәлімдеді министр.

Министрдің айтуынша, елде вакцинация мәжбүрлі түрде болмайды.

— Қазақстанда вакцинация мәжбүрлі түрде болмайды! Бүкіл әлемдегідей бізде де ерікті түрде жасатуға болатын және міндетті вакцинациялар болады. Бірақ әр жағдайда ата-ана өзі шешеді, одан келісім алынады не болмаса бас тартатынын айтады! Вакцинация жасалмаған балалардың құқығына шектеу қоятын ешқандай норма жоқ! Тек бір норма бар, ол ұжымдық иммунитет, яғни балабақшаға баратын барлық баланың денсаулығын қорғайтын иммунитет, — деді Біртанов.

Оның айтуынша, былтыр Қазақстанда 4,8 миллион балаға вакцинация жасалса, 6003 балаға ғана вакцинация жасалмаған. Бұл балалардың тек 0,12 пайызы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз