Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
26
USD
449
+0.81
EUR
480
-2.49
RUB
5.52
-0.02

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды

Әскери бөлімшелерді толықтыру территориялық және экстерриториялық принцип бойынша жүргізіледі. Шақырылушыларды әскери бөлімдерге бөлу және іріктеу кезінде алдын ала тексеру нәтижесі мен олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескеріледі.

Дәстүр бойынша, Қарулы Күштер бөлімшелеріне жіберілудің алдында болашақ Отан қорғаушылар облыстық жинақтау пункттерінде әскери киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, деп атап өтті Қорғаныс министрлігінде.

Медициналық куәландыру мен әскер қатарына шақыру тәртібі туралы мәселелерді шұғыл шешу үшін ҚР Қорғаныс министрлігінде «қауырт желі» жұмыс істейтін болады.

Жауапты лауазымды тұлғалар түсінік беріп, азаматтардың барлық сұрақтарына жауап береді.

Кеңесті мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 72-13-83 және 72-16-06.

inform.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз