Нұр-Сұлтан
Қазір
25
Ертең
16
USD
516
0.00
EUR
585
0.00
RUB
6.24
0.00

Қазақстанда қылмыскерлер өз құрбандарына ақша төлейтін болды

Өтемақы зорлық-зомбылық қылмыстарының құрбандарына төленетін болады:

жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған кәмелетке толмағандарға;

 адам саудасы және азаптаулар құрбаны болғандарға;

 денсаулығына ауыр зиян келтірілген немесе АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарға;

 жәбірленуші қайтыс болған жағдайда оның заңды өкілдеріне.

Қылмыс салдарынан материалдық зардап шеккен және ашылмаған қылмыстар бойынша немесе кінәлі тұлға сот төрелігінен жасырынып жүрген жағдайда келтірілген зиянды өндіріп ала алмаған адамдарға қолдау ретінде өтемақы беріледі.

Заң бойынша қаражат қорда екі жыл бойы, яғни 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін жинақталады.

Қордағы түсімнің негізгі көзі – соттың айыптау үкімі шыққан кінәлі тұлғалардан күштеп өндірілген қаражат.

Бұл тұрғыда биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жасалған барлық қылмыстар бойынша қорға өндіріп алулар басталады.

Мәжбүрлі төлемдердің сомасы қылмыстың ауырлығына қарай 5-тен 30-ға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Қорды толықтырудың басқа көздеріне процестік бұзушылықтар үшін сот салығын өндіріп алулар, сондай-ақ түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталушылардан ұсталатын сомалар жатады.

Қорға жыл сайын 1 миллиард теңгеден астам түседі деп болжанып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз