1 қаңтардан бастап қазақстандық жүргізушілер сақтандыру келісімшарттарын онлайн режимде жасайтын болады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
“2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру келісімшарттарын интернет арқылы электронды үлгіде жасай алады. Мұндай мүмкіндік міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрлеріне беріледі”, – делінеді Ұлттық банктің хабарламасында.
Онлайн-сақтандыру енгізумен бірге сақтандырудың қағаз полистері қолданыстан алынады.
Фото: kstnews.kz