Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.77
EUR
478
+2.56
RUB
4.85
+0.02

Қазақстанда фармацевтикалық өндіріс ұлыбританиялық тәжірибемен дамымақ

299

Осы жылдың ақпан айының басында Ұлыбританияда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың басшылығымен екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жоғары деңгейдегі бірқатар іс-шаралар өтті. «АстраЗенека» компаниясының қазақстандық өндіріс негізінде инновациялық препараттарды локализациялаудағы бастамасы екі тарап арасындағы талқылаудың маңызды векторларының біріне айналды.

Сапар аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров пен Ұлыбританияның халықаралық сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Грэг Хэндс сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) отырысын өткізді.

Отырыстың негізгі нәтижелерінің бірі Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен  алпауыт британ-швед биофармацевтикалық компаниясы «АстраЗенека» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Құжат қазақстандық пациенттердің қажеттіліктері үшін қазақстандық фармацевтикалық өндірістер базасында инновациялық молекулаларды локализациялау жөніндегі жобаны дамытудың одан әрі перспективаларын ашады.

«2022 жылы «АстраЗенека» Қазақстандағы қызметінің он бес жылдық мерейтойын атап өтті. Республикада жұмыс істеген жылдар бойы біздің міндетіміз Қазақстандағы әрбір пациент үшін инновациялық препараттар мен медициналық технологиялардың барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету болғандығын айта кеткен жөн және ол осылай қала береді. Бүгін қол қойылған меморандум – біздің ұмтылыстарымыздың кезекті рет нығая түсуі, сондай-ақ елдер арасындағы фармацевтика мен денсаулық сақтау саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жаңа кезеңі», – деп атап өтті «АстраЗенека» Қазақстандағы өкілдігінің директоры Александр Таришкин.

ҮАК шеңберінде денсаулық сақтау жөніндегі жұмыс тобының отырысымен қатар мұнай-газ, тау-кен өндіру өнеркәсібі, білім беру және қаржылық қызметтер бойынша да отырыстар өтті. Сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері бойынша басты бағыттарды белгілей отырып, ҮАК қатысушылары стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге деген көзқарасты растады.

«Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасының фармацевтикалық индустриясын дамытуға, республика халқы үшін инновациялық дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыруға, өндірушілердің Қазақстан аумағында орналасқан өндірістік қуаттарында дәрілік заттардың келісімшарттық өндірісін кеңейтуге мүдделілігін еселеуді, сонымен қатар, клиникалық зерттеулер жүргізуге, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесіне неғұрлым заманауи және тиімді халықаралық тәжірибелерді интеграциялауды ынталандыруға, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасында денсаулық сақтау, медицина ғылымы және білім беру саласында тәжірибе алмасуға ықпал етеді”, деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптардың барлық бағыттар негізінде стратегиялық әріптестікті нығайтуды жалғастыру ниетін растайтын сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясы отырысының хаттамасына қол қойылды.

«АстраЗенека» Қазақстанда 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Компанияның өкілдігі Алматы қаласында орналасқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз