Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда басқаларға қарағанда кім тезірек байиды?

378

Мемлекеттік статистика комитеті 2019 жылғы қазақстандықтардың  жалақылары туралы  кезекті есепті жариялады. Онда орташа жалақыдан бөлек медианалық және модальдық жалақы туралы мәліметтер де берілген. Медианалық жалақыны есептеуде орташа жалақы деп барлық жалақылар көлемі көрсетілген тізімнің дәл ортасы алынады.

Модальдық  — ең көп кездесетін жалақы.

2019 жылы медианалық жалақы айына  112,2 мың теңге болған. Яғни  қазақстандықтардың жартысы осыдан төмен жалақы алған.

2018 жылдың сәуір айында ол 106,2 мың теңгені құраған. Ranking порталының  айтуынша аймақтарға қарай медианалық жалақы мен орташа жалақының арасындағы айырмашылық — 45-тен 67,4%-ға дейін. Айырмашылықтың мұншалықты үлкен болуы қоғамның әлеуметтік жіктелгені туралы хабар береді. Бұған себеп қоғамның белгілі бір шағын бөлігі өте үлкен жалақы алады. 

Модальдық жалақы 2019 жылы — 58 мың теңгені құраған. 2018 жылы ол 80 мың теңге болған. Яғни бір жыл ішінде көрсеткіш 27%-ға төмендеген.

Экономист Айдархан Құсайынов  бұған экономиканы дамытудың қазіргі моделін кінәләйді. Дегенмен, бүгінде оң бағыт алды дейді.

Біздің жалақы беру жүйеміз өте әділетсіз

— Айдархан, бір қарағанда статистикадағы ең таңдандыратын мәселе — модальдық жалақының күрт төмендеуі. Неліктен бұндай жағдай орын алды?

— Негізінен, модальдық жалақы кей кезде ешқандай рөл ойнамайды. Шартты түрде айтқанда, 50 жалақының ішінде 20 рет 100 мың теңге, 21 рет 50 мың теңге болатын жалақы кездессе, модальдық жалақы 50 мың теңге болады.

 Бұл жерде мен модальдық жалақыға емес, медианалық жалақыға басты назар аударар едім

Тағы бір айтарым, біздің жүйе өте әділетсіз. Мәселен, Ресейде медианалық  жалақы орташа жалақының 75%-ын құрайды.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдерде 85-90% құрайды

Бізде әрқашан үлкен айырмашылық болған, ал 2009 жылдан бастап ол тіпті арта  бастады. Өсу үрдісі 2018 жылға дейін жалғасты.

Мен бұған дейін де, қазір де

біздің бизнесті қолдауға бағытталған жүйеміз тек акционерлер, директорлар мен топ-менеджерлердің баюына себеп болатынын айтқанмын

Халықтың негізгі бөлігінің табысы баяу өседі. 112 мың теңгені құраған медиана бұған дәлел болады.

— Айтпақшы, оны салықтарды шегергенге дейін есептей ме, әлде кейін есептей ме?

— Дейін.

— Статистиканы дайындау барысында шағын кәсіпорындар ескерілмеген. Ranking порталының сарапшылары оларды ескергенде, жағдай бұдан да нашар болар еді деп отыр. 

— Бұл пікірге келіспеймін. Бір кездері мен бұл тақырыпқа қатысты арнайы зерттеу жүргізген едім, орта және шағын бизнесте жұмыс істейтін адамдар бірдей жалақы алады. Жылдық бонустары бар қандай да бір банктің басшылары мен ЖШС директорының жалақысын салыстыра алмайсыз.

Ал қарапайым жұмысшылардың жалақысындағы айырмашылық бар-жоғы 3-5%-ды құрайды

Ірі бизнес тек ресми жалақы төлейді

— Орташа жалақыны шағын бизнесті ескеріп те, ескермей де есептейді. Медианалық жалақыны ірі және орта кәсіпорындар бойынша шығарады.

Ірі және орта кәсіпорындар дегеніміз не? Бұл — бір-екі мың жұмыскер мен жиырмаға жуық басқарушы қызметкерлер

Орташа жалақыны есептегенде топ-менеджерлерге төленетін бонустар да есептеледі. Мемлекеттік статистика комитеті барлық төлемді —  он үшінші жалақы, сыйақы мен басқа да қаражатты есептейді. Желтоқсан айында, сыйақы мен бонустар беретін кезде орташа жалақы көлемі күрт  артып кетеді.

— Ал статистика мамандары ресми емес жалақыны ескере ме? Ақшаның бір бөлігі назардан тыс қалғандықтан, көрсеткіш осынша төмен болған шығар?

— Біріншіден, көлеңкелі экономиканы есептейтін тиісті әдістер бар.  Екіншіден, ірі және шағын кәсіпорындар жалақыны «конвертке» салып бермейді. Бұндай ертегіні ойдан шығаратын кез келді. Оның жұмысы көп қой. Өзіңіз ойлап қараңызшы, екі мың жұмысшыға қосымша конвертті қалай береді. Сондай-ақ қазір барлық жерде жалақыны карточкамен алады. Бұрын ресми жалақы  қолма-қол ақшамен кассадан берілген кезде солай болған да шығар, бірақ қазір менің ойымша ірі кәсіпорындар мұндай әрекетке бармайды. Жұмысшының жалақысын карточкасына аударады. Болды.

— Яғни, бұрыннан бері келе жатқан сенімсіздікке қарамастан ресми статистика шындыққа жақын болғаны ма? Айырмашылық өте үлкен ғой? Бұл қоғамдағы әлеуемттік жіктелудің бар екенін білдіреді. 

— Бұл шындық.

Дегенмен келесі жолы шолу жасағанда, бұл алшақтық қысқарады деп үміттенемін

Бюджет қызметкерлерінің ең төменгі жалақыларын көтерді. Бұл да өз әсерін тигізуі керек. Бірақ оның қаншалықты болатынын білмеймін. Біз мемлекет есебінен бизнесті қолдауды қысқарта бастадық.

Мен экономикалық саясат халықтың жалақысын көбейтуден басталуы керек деп бұған дейін де айтқанмын. Ол тұтыну процесі арқылы бизнеске пайда әкеледі. Қазір ақырындап осы жүйеге көшіп жатыр. Осылай жалғаса беретін болса, алда экономикамыз дұрыс бағыт алуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз