Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстанда балаларға қатысты 78 зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелген

343

Брифинг барысында Сәуле Айтпаеваға балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайын алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы сұрақ қойылды.

«Қазір еліміздегі 8 айлық статистика біздің барлығымыздың қолымызда тұр. Оған қарасақ, балаларға 78 зорлау жасалған. Ол (аталмыш жағдайлар – авт.) сексуалды сипатта болған. Кішкентай балалар. Баланы өлтіру де, балалардың өз-өзіне қол жұмсауы да бар. 124 бала биыл өмірмен қош айтысты. 2008 жылғы екі бала өздері қылмыс істеді», – дейді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Оның айтуынша, мұндай жағдайдың алдын алу мақсатында жауапты органдар тың жоспар әзірлеуде.

«Осының бәріне бір жауап іздеуіміз керек. Неге осындай болып жатыр? Осы ретте Ішкі істер министрлігі, прокуратура, БҒМ барлығы бірлесіп, жоспар жасады. Сол жоспарда жас балаларға қалай жүріп, қалай тұруы керектігі толығымен жазылған. Бала мен ата-ана зорлық-зомбылыққа тап болмас үшін қандай жұмыс жүргізу керек? Құқық қорғау органдары қандай шараларды қолға алуы тиіс? Соны (жоспарды -авт.) қайтадан жаңартып жатырмыз», – дейді Сәуле Айтпаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз