Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикада америкалық әсери объектілерді пайда болуына қатысты сыбысты жоққа шығарды.
— Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасының құрылысы талқылған емес және күн тәртібінде де тұрған жоқ. Дегенмен, Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы энергетика, инвестиция, технология секілді стратегиялық маңызды салалардағы ынтымақтастық табысты дамып келеді. Біз қарусыздану және ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша үнемі байланыста боламыз.
Алматыдағы бұрынғы обаға қарсы институттың базасында биологиялық қауіпсіздік саласында бірге жұмыс істедік,
бірақ қазір келісімшарттың аяқталуына байланысты америкалықтар референс-зертханадан кетті, онда тек қазақстандық мамандар біздің бюджет есебінен жұмыс істеуде. Осы саладағы зерттеулердің өзектілігін ескере отырып, біз ресейлік мамандармен барынша ашық ынтымақтастыққа дайынбыз, — деді Тоқаев Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында.