Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстанда 4500 жетім бала отбасына оралды

Оршыбековтің айтуынша, жетім балалардың азаюының арқасында Қазақстанда 50 мамандырылған мекеме қайта құрылып, жабылған.

“Балалар үйінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қамқоршылық кеңестері құрылды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық мәліметтер банкі жұмыс істейді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру үшін 2014 жылдан бастап әр тәрбиеленушіге еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде білім алуға мүмкіндік беру үшін есепшот ашылды.

Осы бағдарламаның арқасында 7779 тәрбиеленушіге 5 миллиард теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. 2017 жылы 225 оқушы осы мүмкіндікті пайдаланып, бүгінде университеттер мен колледжерде оқып жүр. Бұл практика болашақта да жалғасын табады”, — деді Оршыбеков.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз