Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-13
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Қазақстанда 2,7 млрд теңгеге гепатитке қарсы 6 препарат сатып алынды

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар ауру ретінде вирустық гепатиттің емделуіне көп көңіл бөлінуде. Осы ауруларды емдеуге арналған препараттардың қолжетімділігі 2018 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3,6 есеге артты.

Вирустық гепатитті емдеу үшін бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» компаниясы жыл сайын Пэгинтерферон альфа 2b және Рибавирин препаратын сатып алады. 2018 жылы ЮНИСЕФ-тің жеткізілім туралы шарты бойынша Тенофовир препараты сатып алынады.

Бұдан басқа, 2018 жылғы тегін дәрімен қамтамасыз ету тізіміне C вирусты гепатитін емдеудің заманауи хаттамаларына сәйкес Софосбувир және Даклатасвир енгізілді. Осы дәрілерді жеткізуді БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, биылғы жылы созылмалы гепатит B вирустық инфекциясының алдын алу үшін, соның ішінде бауыр циррозы және гепатоклеткалы ракқа қарсы 445 400 доза вакцина сатып алынды. Балаларды ерте жастан В вирустық гепатитке қарсы вакцинациялау ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз