2018 жылдың 1 сәуірінен бастап Павлодар-Алматы бағытындағы №31 / 32 стандартты пойызының жылжымалы құрамы «Тұлпар-Тальго» заманауи вагондарымен ауыстырылады, дейді inform.kz.
Жаңа кестеге сай, жолаушылар пойызы бұрыннан аялдайтын бекеттердің барлығына тоқтайды.
Сондай-ақ, пойыз жылдамдығының артуына байланысты сапар уақыты 3 сағатқа азаяды.
Бұдан өзге, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Самарқан-Астана Нұрлы жол» бағытымен №251/252 халықаралық пойызы енгізіледі. Бұл пойыз Астанадан жексенбі күндері, ал Самарқаннан жексенбі күндері аптасына бір рет жүретін болады.