Түркияда жардың бөктерінде тұрып қалған ұшақ Қазақстанда сақтандырылған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Еуразия» компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Қандай жағдай болмасын, сақтандыру компаниялары зардап шеккен көліктің шығынын өтеуі тиіс. Өйткені, олар сол көлікті сақтандыруға кепіл болды.
Ұшқыштардың айтуынша, олар әдеттегідей қонып жатқан. Бірақ аяқ астынан оң жақтағы құрылғының жылдамдығы жоғарылайды. Олар жағдайды реттегісі келгенмен, еш нәтиже шықпады. Сөйтіп ұшақ теңізге қарай бағытталған. Қандай жағдай болмасын, енді ұшақтың барлық сынған бөлшегін сақтандыру компаниясы төлеу керек.
Апатқа ұшыраған әуе кемесіне сақтандыру жасаған қазақстандық «Еуразия» сақтандыру компаниясы хабарлама алды. Енді зардап шығынын өтеу үшін тиісті құжаттарды, сондай-ақ резерв жасау үшін халықаралық тәуелсіз лосс-аджерстердің есебін күтіп отыр. Компанияның қайта сақтандыру шарты аясындағы қаржы көлемі USD 2 031 250 (660 млн теңге) болды.