Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстан ҰҚШҰ-дағы әріптестерімен қорғаныс саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

Шара басында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов отырысқа қатысушыларға арнап кіріспе сөз сөйледі. Министр өз баяндамасында Қазақстан биылғы жылы ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының төрағасы бола отырып, нормативті-құқықтық базаларды жетілдіру мен ұйымдардың халықаралық мәртебесін көтеруге атсалысатынын атап өтті.

Жиынға ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бас хатшысының орынбасары В. Семериков, РФ өнеркәсіп және сауда минисрінің орынбасары О. Рязанцев, Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша Федералдық қызметі директорының орынбасары В. Дрожжов, Белорусия Мемлекеттік әскери-өндірістік комитеті төрағасының орынбасары Д. Пантус, Армения Қорғаныс министрінің орынбасары Д. Пахчанян, Қырғызстан Мемлекеттік өндіріс, энергетика және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары А. Орозбеков қатысты.

Кездесу барысында отырысқа қатысушылар әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Ұйымғақатысушы мемлекеттер қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс қабілетін арттыру мәселелерін талқыға салды.

Тараптар Мемлекетаралық комиссиялар аясында ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастығы бойынша бірлескен жұмыстарын жалғастыру туралы ортақ келісімге келді.

Отырыс тараптардың тиісті хаттамаға қол қоюымен аяқталды.

Қажетті анықтама:

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) әскери-экономикалық ынтымақтастық бойынша Мемлекетаралық комиссиясы 2005 жылы 23-маусымда ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен құрылған.

Комиссияның ең негізгі функциясы әскери-экономикалық (техникалық) ынтымақтастық аясындағы ұзақ мерзімдік бағдарламаны әзірлеу меноны жүзеге асыру, әскери мақсаттағы өнімдерді өндіру кооперациялары мен мамандандыруды сақтау, әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, модернизациялау, жөндеу және утилизациялау, сондай-ақ, әскери мақсаттағы өнімдерді өңдеу мен модернизациялауға бағытталған бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу сияқты басым бағыттар бойынша бірлескен кәсіпорындар (ұйымдар) құру,  ұсыным жасау мен шешім шығару болып анықталды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз