Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстан терроризмге қарсы күресте ШЫҰ аясындағы ынтымақтастыққа мүдделі

Қ.Тоқаев Қазақстанда Қытаймен стратегиялық әріптестікті дамытуға ерекше мән берілетінін атап өтті. Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы сенімді қатынастар өзара табысты іс-қимылдың кепілі екенін және олар қол жеткізген уағдаластықтарда екіжақты қатынастың мазмұны мен күн тәртібі белгіленетінін атап өтті.

Тараптар «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастаманың құрамдас бөлігіне айналған қытайлық «Жібек жолы экономикалық белдеуі» стратегиясы аясындағы ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, бұл бастама табысты іске асқанда екіжақты ынтымақтастыққа күшті серпін беріп, жаһандық экономиканы баяу қалыптан орнықты даму жолына шығаруға ықпал етеді. Бұл тұрғыда «Нұрлы жол» бағдарламасы мен қытайлық стратегияның ұштасуының мәні ерекше зор.

Спикер Қазақстан мен ҚХР-дың жаңғыру мәселелері бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу үшін екі елдің түрлі мекемелері арасында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл қалыптастыру қажет деп санайды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы екіжақты саяси үн қатысудың маңызды бөлігі болып табылатын парламентаралық байланыстарға қарқын беруге назар аударды және Халық өкілдерінің бүкіл қытай жиналысының тұрақты комитеті төрағасының Қазақстанға алдағы сапары ынтымақтастыққа елеулі серпін беретінін атап өтті.

— «Біздің елдеріміздің үкімет органдары арасындағы байланыстар мен консультацияларды белсенді жүргізу – екі елдің түрлі саладағы байланыстарының маңызды бағыттары. Туындаған барлық мәселе достық рух пен өзара құрмет аясында, мәмілеге келу негізінде, ең алдымен дипломатиялық жолдармен шешілуі тиіс»,

деді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қ.Тоқаев Астана ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен тұрақты, орнықты және қауіпсіз дамуға мүдделі екенін, сондықтан осы аймақтың экономикалық жетістіктеріне жіті назар аударып отыратынын айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан екіжақты деңгейдегі және көптарапты сипаттағы, ең алдымен терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресте Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастыққа да мүдделі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз