Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері бір күнге БҰҰ “мүшелеріне” айналды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дəлірек айтсақ, Қазақстанның жəне Орталық Азияның өзге де елдерінің БҰҰ-ға мүше болуына 25 жыл толуына орай өткен “БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы” атты халықаралық конференцияда студенттерге сондай рөл берілген.
– Конференцияға қатысқан БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық бюро жетекшісі Властимил Самек, Қазақстандағы АҚШ Бас консулы Марк Муди қазақ жастарының біліміне зор баға берді”, – дейді əл-Фараби атындағы ҚҰУ-ның ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Т.Рамазанов.
Ал, АҚШ-тың еліміздегі Бас консулы Марк Муди Қазақстанды Тəуелсіздіктің жəне БҰҰ-ға мүше болуының 25 жылдығымен құттықтап, конференцияға қатысқан Орталық Азия елдерінің студенттері мен Қазақстанның жастарына алғыс айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап екі жылға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанды. Қазақстанның кандидатурасын 193 елдің 138-і қолдаған болатын.