Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
12
USD
481
0.00
EUR
534
0.00
RUB
5.36
0.00

Қазақстан мен Украина халқы Нұрбай ата сияқты тұлғаларды мақтан етеді

Нұрбай ата 1923 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында туған. Сәби кезінде жетім қалған. 7 жасына дейін нағашы апасының қолында, кейін балалар үйінде тәрбиеленіп, Тамбов әскери училищесіне оқуға түседі (соғыс кезінде Қырғызстанның Ош қаласына қоныс аударған).

18 жасында Панфилов дивизиясы құрамында пулемет взводының кіші лейтенант командирі болды. Украина мен Польшаны азат етуге қатысқан. Соғысты 1945 жылы 13 мамырында Чехословакияда аяқтаған. Жарақат алған. Қызыл Жұлдыз, Отан соғысы және Богдан Хмельницкий ордендерімен марапатталған. Соғыстан кейінгі қызметі Украинаның батысында және ГДР-да өтті. Полковник шенімен запасқа шығарылды. Жұбайы Ольга екеуі 4 ұл тәрбиелеп өсірді, 5 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.

Қазақстан мен Украина халқы Нұрбай ата сияқты лайықты, аты аңызға айналған тұлғаларды құрметтейді және мақтан етеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз