ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақсан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысу мақсатында Қызылжарға келді. Екі мемлекет басшылары басшылары кездесетін алқалы жиында туризм саласын дамытудың тетіктері талқыланбақ.
Ресей Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өңіраралық форум аясында ашылған “Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдары мен үрдістері” көрмесін тамашалайды.
Көрмеге 40 экспонент қатыстырылған. Қазақстанның барлық өңірлері мен Ресейдің 10 облысы өз жобаларын көпшілік назарына ұсынды.
Одан кейін екі елдің өкілдері пленарлық отырыста бас қосады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты келісім жөніндегі құжаттарға қол қоймақ.
Қазақстан мен Ресей мемлекеттік органдары, ұйымдары мен бизнес субьектілері арасында туризмді дамыту және ынтымақтастық бойынша 75 екіжақты құжат пен меморандумға қол қою жоспарланған.
Екі тарап Қазақстан мен Ресей шекаралық өңірлерінде 100-ден астам туристік бағытты бірлесіп жүзеге асыруға келісім жасамақ.
Форумның ресми сайтында 2 мыңға жуық делегат тіркелген. Қазақстан мен Ресейден 200-ге жуық журналист жұмыс істейді. БАҚ өкілдеріне арналған арнайы медиа орталық ашылды.