Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстан мен Мысырдың министрлері ұсталған қазақстандықтарға қатысты ахуалды талқылады

– Қазақстан мысырлық биліктен жас азаматтардың ұстап әкетілу себептері мен олардың қазіргі таңда болу мекенжайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтіп отыр,- деді Қайрат Әбдірахманов. – Ұстап алынғандардың барлығымен Қазақстан консулының кездесуін ұйымдастыру қажет.

С. Шукри қойылған сұрақтарды толығымен түсініп отырғанын және олардың дәйектілігін айтып, бұл мәселелерді шешуде барынша жәрдем көрсетуге уәде берді. Сондай-ақ, министрлер әңгіме барысында негізін жоғарғы деңгейдегі кездесулер қалаған екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлы ынтымақтастықтың даму барысын талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мысырда 6 студенттің жоғалып кеткендігі туралы ақпарат жарияланды. Кейінірек студенттердің Мысырдың құқық қорғау органында болғандығы анықталды. Осыған байланысты Қазақстанның Мысыр еліндегі елшілігі осы оқиғаға байланысты ресми жауап талап етті. Сондай-ақ Қазақстан мен Мысырдың Сыртқы істер министрлері кездесетіндігі айтылған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз