Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстан мен Қытай су ресурстарын бөлу туралы келісімге келді

145
Сурет: Григорий Беденко

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Liter.kz.

— Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы су қатынастары трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісіммен реттеледі.

Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бөлу жөніндегі келісімнің болмауы негізгі проблемалардың бірі еді.

Келісім бойынша жұмыс 2015 жылдан басталды. ҚХР-мен жүргізілген келіссөздер өте күрделі болды. Қытай шекара маңындағы ешбір елмен су бөлу жөнінде келіссөздер жүргізбейтінін ерекше атап өткім келеді. Қазақстан ҚХР-мен келіссөздер жүргізіп жатқан алғашқы және жалғыз ел, — деді Мырзағалиев.

Сондай-ақ, министр Орталық Азия республикаларымен су бөлу бойынша даулы мәселелер туралы айтты. Сырдария өзенінің бассейні бойынша су шаруашылығы қатынастары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан арасындағы бесжақты Келісім шеңберінде реттеледі.  Кеңес заманында бұрын белгіленген су ресурстарын бөлу тәртібін бұзу негізгі проблемалардың бірі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз