Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени әріптестіктің жаңа кезеңі: киноөндіріс, мультипликация және маман кадрлар даярлау

Аида Балаева музей ісі, археология және тарихи-мәдени мұраны сақтау сияқты бағыттарда тәжірибе алмасуды дамытудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді, қазақстандық мамандарды Францияның жетекші мәдени мекемелерінде тағылымдамадан өткізуді, сонымен қатар бірлесіп киноөндіру, мультипликация және балалар контентін дамытуды ұсынды.

Екі ел мәдениет саласының техникалық бағыттарындағы мамандардың біліктілігін арттыру және оқыту бойынша ынтымақтасуға келісті. Әсіресе, дыбыс режиссерлері, жарық суретшілері, технолог-суретшілер, бейнеинженерлер, сахна машинистері, сахналық костюмдер суретшілері, бутафор-декораторлар, гримёр-постижёрлер және басқа да тапшы мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға ерекше назар аударылатын болады.

Өз кезегінде Рашида Дати Қазақстанның мәдени мұраны сақтау ісіндегі жұмысын оң бағалап, екі елдің салалық мекемелері арасындағы тәжірибелік ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қарсаңында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде отандық ұлы композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шара шетелдік көрерменге Қазақстанның бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді. Концерт жергілікті тұрғындардың көңілінен шықты.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз