Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-6
USD
494
+1.68
EUR
520
-3.35
RUB
4.97
-0.03

Қазақстан мен әлемде түнде болған оқиғалар. 7 сәуір. Басты жаңалықтар

166
  1. Қазақстан СІМ басшысы Ресей мен Украина соғысындағы Қазақстанның ұстанымы туралы айтты. Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан санкцияларды айналып өту үшін қадамдар жасамайтынын мәлімдеді. Сонымен бірге, Қазақстан ЕАЭО мен Дүниежүзілік сауда ұйымының толық құқылы мүшесі бола отырып, Ресеймен және басқа елдермен сауда қатынастарын дамытуды жалғастырады.
  2. Атуға ұласқан қуғын. Полиция Нұр-Сұлтанда мас жүргізушіні қуалау кезінде оқ жаудырды. Ер адам қалада нөмірсіз жүре отырып, жол ережесін өрескел бұзды, бұл полицияның назарын аударды. Тәртіп сақшылары оны тоқтатуға шешім қабылдады, бірақ ол жасырынуға тырысты. Нәтижесінде қызметкерлер дөңгелектерін зақымдау арқылы көлікті тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болды. Ешкім зардап шеккен жоқ. 21 жастағы тәртіп бұзушы 20 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
  3. Алматыда дәрігерлер баланың сау көзіне ота жасады. Кішкентай науқастың анасының айтуынша, балаға оң көзінде ет өскен деген диагноз қойылып, ал ота сол көзіне жасалған. Ол дәрігерлердің қателескеніне сенімді, енді ол ұлына қайта ота жасату керек деп алаңдаулы. Өз кезегінде жедел жәрдем орталығының дәрігерлері барлық әрекеттері дұрыс және хаттама бойынша әрекет еттік деп сендіреді.
  4. Жоғары бағамен мемлекеттік сатып алулар. Павлодар облысында шенеуніктер аурухана үшін екі есе қымбат ноутбук сатып алғысы келді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері бюджет ақшасын негізсіз жұмсаудың жолын кесті. Антикордың араласуынан кейін сатып алу мөлшері азайып, интерактивті панельдер саны екіге дейін азайды.
  5. БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейдің адам құқықтары жөніндегі кеңеске қатысуын тоқтатты. Бұл шараны 93 мемлекет қолдады, 24 мемлекет – қарсы болып, 58-і қалыс қалды. Мәскеу жауап ретінде 7 сәуірде ұйымнан кету туралы шешім қабылдады.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз