Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстан Конституциясының 23 бабына өзгерістер енгізіледі – Нұрсұлтан Назарбаев

«Біз үшін бір айқын мәселе – Қазақстанның негізгі саяси моделі сақталады. Президенттік республика болып қала береді. Сонымен бірге мемлекеттік басқару жүйесі дәуір талабына сай икемді болуы тиіс. Реформалардың нәтижесінде биліктің бір тармағы өкілеттігін толық иеленіп, дербес жұмыс істейді. Соған сәйкес әр тармағы жауапкершілікті де сезінуі тиіс. Өкілетті биліктің Үкімет пен атқарушы органдарға бақылауы күшейеді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентінің пайымынша, бұл мемлекеттің кәсібилігін арттырумен қатар Конституциядағы биліктің бірден бір бастауы халық деген қағиданы бекіте түседі.

«Ел болашағы үшін айрықша маңызды осы құжаттың тағдырын біз шешуіміз керек. Әрі қарай не істеуіміз керек екендігіне бүгін қорытынды жасап, қашан Парламентке талқылауға түсетіндігін келісуіміз керек. Конституцияның 23 бабына өзгеріс енгізілетін болды, заңдарға 35 өзгеріс енгізіледі. Бұл жерде айта кететін негізгі мәселе осының барлығы Президенттегі өкілеттіктерді басқа тармақтарға беру болып отыр. Өздеріңіз де білесіздер, басқа елдерде, керісінше, президенттің өкілеттігін жоғарылату үшін референдумдар өткізіп, конституциялық өзгерістер енгізіп жатыр. Бізде, керісінше. Себебі 25 жылдың ішінде президенттік басқару жүйесі өзінің алдына қойған халық алдындағы мақсатын орындады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз