Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан қырғыздың ғана емес, Ресейдің де тауарын кіргізбей қойды

59 фактінің 47-сі Қырғызстаннан жеткізілген өнімді тексеру кезінде анықталған. Оның ішінде 11 жағдайда өнім (93,3 тонна алма мен алмұрт, 21 тонна жүзім, 4 тонна қызылша) міндетті ілеспе фитосанитарлық сертификатсыз әкелінген.

Бұдан бөлек қырғыз елінен жеткізілген жеміс-көкөністен зиянкестер табылған.

“17 жағдайда 20,6 тонна құрма және анардан, 47,7 тонна алма және алмұрттан, 42,4 тонна кептірілген жемістен, 60,1 тонна жүзімнен, 66,7 тонна картоптан комсток сымыры, шығыс жеміс жемірі, картоптың алтын түстес жұмырқұрты, арам сояулар, азиялық жеміс шыбыны, картоп күйесі атты карантиндік зиянкестер анықталды. 19 жағдайда өнім (10,5 тонна таңқурай және құлпынай, 37,2 тонна алма және алмұрт, 61,2 тонна жүзім, 12 тонна қара өрік, 2,9 тонна анар) таңбалаусыз әкелінген”, — деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ міндетті ілеспе фитосанитарлық сертификатсыз өнім Ресейден де жеткізілген.

“Ресейден 22 тонна жарма түрлері, 83,5 тонна картоп, 20 тонна банан, 74,5 текше метр кесілген ағаш дайындамалары міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген”, — деп атап көрсетілген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз