Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстан қалаларындағы Құрбан айт намазының уақыты белгілі болды

Мүмкіндігі бар және сапаршы болып табылмайтын әр мұсылманға бұл күні құрбан шалу міндет. Құрбан айтта түйе, сиыр, қойды құрбандыққа шалуға болады. Бір қой бір адамның атынан ғана құрбандыққа шалынады. Ал ірі қара малды немесе түйені 7 адам бірігіп құрбандыққа шалуына дінімізде рұқсат етілген. Құрбандықты Айт намазынан кейін және мейрамның үшінші күнінде күн батқанға дейінгі аралықта шалуға болады. Ал құрбандыққа шалынған малдың етін 3 бөлікке бөліп, таратады. Оның бір бөлігі өзіне қалдырылып, екіншісі туыстары мен көршілеріне, ал үшінші бөлігі мұқтаж жандарға үлестіріледі.

Қазақстан қалалары бойынша Құрбан айт намазының басталатын уақыты:

  1. Астана  – 07:00
  2. Алматы – 07:00
  3. Алматы облысы – 07:0
  4. Ақтөбе – 07:00
  5. Ақмола – 07:00
  6. Атырау – 07:30
  7. Ақтау – 07:15
  8. Батыс Қазақстан облысы – 07:15
  9. Жамбыл – 07:00
  10. Қарағанды – 06:30
  11. 11.Қостанай – 08:00
  12. Қызылорда – 07:30
  13. Шымкент – 07:00
  14. Талдықорған – 07:00
  15. Павлодар – 07:00
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 07:00
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 07:00
  18. Семей – 07:00
  19. Жезқазған – 07:00
  20. Түркістан облысы – 07:00

Stan.kz

Сурет: muftyat.kz
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз