Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстан Иранмен әуе қатынасын тоқтатады

133
Сурет: Иван Вислов

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин айтты.

«Бірінші категорияға Оңтүстік Корея кіреді, 1 наурыздан бастап әуе рейстерінің саны аптасына тоғыздан үшке дейін қысқартылады,  —

деген Бекшиннің сөзіне inform.kz сілтеме жасайды. 

Сондай-ақ 1 наурыздан бастап Қазақстан мен Иран арасындағы әуе қатынасын тоқтатуға тура келеді. Түркия, Пәкістан, Ауғаныстан, Оман секілді елдер де бұл елден келетін ұшақтарды тоқтатты. Басқа мемлекеттер бойынша мәселе әлі шешілуде».

Коронавирустың таралу деңгейіне қарай Оңтүстік Кореямен бір категорияға Қытай, Жапония, Италия, Иран, Гонконг, Макао, Тайвань кіреді. Бекшиннің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап берген мәліметіне сәйкес Оңтүстік Кореяда 34 мың азақстандық бар, Жапонияда —180, Иранда — 170 адам бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз