Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Қазақстан ІІМ полиция қызметкерлерінің формасын өзгертеді

Журналистер Садубаевтан “Полицейлер формасын өзгертуге не себеп болды?” деп сұрады. Министрлік өкілі “Үкімет қаулысынан кейін қалалық ішкі істер департаменттерін полиция департаменті деп өзгерттік. Қазір бүкіл әлемде, тіпті көрші елдерде полицейлер формасын өзгертіп жатыр. Полиция формасын ауыстыратын уақыт жетті. Форма ең бастысы ыңғайлы болуы керек. Қазіргі формаға 15 жыл болды. Қазір жаңа форманың түрлі нұсқаларын қарастырып жатырмыз” деп жауап берді.

Халық саны 3 миллион Грузияда 20 мың полицей қызмет ететінін айтқан Садубаев 18 миллион халқы бар Қазақстанға 50 мыңнан астам полицей айтарлықтай көп емес деген пікір білдірді. Ол әзірге форманы ауыстыруға қанша қаржы жұмсалатынын қазір айта алмайтынын жеткізді.

Садубаев “Реформадан соң полицей қызметінің мәні өзгере ме?” деген сұраққа “Біз қазір 300-ден астам аудандық полиция бөлімінде халықпен кері байланыс орнату кеңселерін ашып жатырмыз. Бізге келетін тұрғындардың 70 пайызы құжат жасатуға қатысты кеңес сұрайды, 30 пайызы ғана арызданады. Мұның барлығы халықпен байланыс орнату үшін жасалып отыр. Барлық өзгерісті жаңа жылдан кейін көресіздер” деді.

Қазан айының ортасында үкімет қаулысымен Астана, Алматы қалалары мен бірнеше облыстың ішкі істер департаменттері полиция департаменті деп өзгертілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз