Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
522
0.00
EUR
602
0.00
RUB
6.65
0.00

Қазақстан халқының саны 20,3 миллионнан асты

Халық санының ең жоғары өсімі Астанада тіркелді. Елорда тұрғындарының саны 29,7 мың адамға көбейіп, оның 78,3%-ы көші-қон есебінен болған. Қазіргі таңда елімізде қала халқы 12 856 783 адам, ауыл халқы 7 496 482 адам.

Ірі қалалар бойынша халық саны:
 • Алматы – 2 310 071 адам
 • Астана – 1 558 501 адам
 • Шымкент – 1 271 228 адам

Алматыдан кейін ең тығыз қоныстанған өңір Түркістан облысы. Онда 2 151 581 адам тұрады. Жыныстық құрылым бойынша: ер адамдар – 9 946 377, әйелдер – 10 406 888. Көші-қонның оң сальдосы Алматы және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз