ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің есебіне сәйкес, үш жылдан кейін Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған мәліметті комитеттің ресми сайтында ашылған онлайн есептеуіштен де көруге болады. Алайда қазіргі кезде ол жүйеде ұзақ мерзімді болжам жасалмайды. Себебі автоматты жүйенің деректер базасын және тағы басқа техникалық мәселелерін әлі де реттеу керек.
Ал 19 млн-ға нақты қай уақытта жететінімізді айта алмаймын. Дегенмен, қазіргі мәліметтерге сүйенсек, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында біз аталған көрсеткішке жетеміз», – деді Н.Айдапкелов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті xалық санының есептеуішін іске қосты. Енді, комитеттің ресми сайтында Қазақстан xалқының нақты санын онлайн режимде көріп отыруға болады.
Аталған жүйеде туу, өлім, шетелден келу мен шығу сияқты көрсеткіштер автоматты түрде ескеріледі. Халықтың санын жынысына қарай бөлуге де болады. Аталған жоба 71 жастағы Ерболат Мұсабектің жетекшілігімен іске асты. Қазақстандық есептеуіштің басты артықшылығы сол, барлық мәліметтер ай сайын жаңартылады.