Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстан «Гүлен ауруынан» ада ма?

Әрине, елші ҚТЛ-дардың Фетхуллах Гүленге қатысы бар-жоғын ашып айтқан емес. Бірақ екі рет осы оқу орындарына байланысты мәлімдеме жасаған Түрік елшісі Қазақстан үкіметін «гүленшілер» мен сол сияқты лаңкестік пиғылы бар ұяшықтардан сақтандырғысы келген сияқты.

Енді ғаламтордағы ресми ақпараттарға көз салатын болсақ, жағдай былай: «ҚТЛ-дың Түркияға еш қатысы жоқ, оның оқу саясаты қазақстандық және халықаралық білім стандарттарына сай жасалған. ҚТЛ қызметін қадағалайтын «KATEV» халықаралық қоры президент Н.Назарбаев пен Т.Өзалдың қолдауымен Қазақстан мен Түркияның білім беру саласындағы келісімінің негізінде құрылған. ҚТЛ өз оқушыларының жоғары білім деңгейін паш етті және елдегі білім беру ордалары ішінде үздіктердің қатарында. ҚТЛ-да 1 124 оқытушы жұмыс істейді, олардың 1 030-ы Қазақстан азаматтары (91,7%), Түркия азаматтары – 94 (8,3%)» (Бұл өткен жылғы дерек).

Бір еске сала кететін жайт, былтыр бұл қазақ-түрік лицейлері «Білім» инновация лицейі» деп атын өзгерткен. Айтқымыз келгені бұл емес. Басқа.

Неге екенін қайдам, Түркия елшісінің осы білім беру орындарына байланысты айтқанынан кейін бүкіл әлеуметтік желілер осы мәселені талқыға салуға кірісті. Бұған «ауыр артиллерия» саясаттанушылар да кірісті.

Олар да Қазақстан «Гүлен ауруынан» ада деседі. Тіпті мемлекеттік араналар белгілі тұлғаларды шақырып, тікелей әңгіме де жүргізді. Сонда бұл не, ала-шапқын?

Әгәрәки ,ол оқу орындарының саясаты қазақстандық және халықаралық білім стандарттарына сай жасалса, өзімізге қараса, сонша сабылыстың, талқының қажеті қанша еді?

Әлде басқаша ма?

Ресми Анкара қайта-қайта бұ мәселені неге қозғап жатыр? Сұрақ көп, жауап мардымсыз. Сіз не дейсіз?

Айдар Төлеген

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз