Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстан футбол федерациясы шұғыл мәлімдеме жасады

285

Ең алдымен жиында УЕФА-дан түскен ақпарат туралы айтылған. Спорт саласында ақпарат жинап, талдау жасайтын Sportradar корпорациясы Еуропалық футбол қауымдастығына қазақстандық кәсіпқой футбол клубтарының ойындарында спорттық тартыстың қағидалары сақталмайтынын хабарлаған.

“Sportradar корпорациясы – бәс тігуде күмәнді мәліметтерді талдайтын сараптамалық ұйым. Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Біріншілігінің ойындары сол мәліметтерге іліккен. “Ақтөбе” футбол клубының жанынан құрылған “Ақтөбе-Жас” жастар командасының осы іске қатысы бар екені анықталған. Жиынға “Ақтөбе” командасының бас директоры Самат Смақов шақырылды”, – делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, талдықорғандық “Жетісу Б” командасының ойыншысының де осы іске қатысы бар екені анықталған. Әділетті ойынды сақтау комитетінің отырысы жақын арада өтеді.

Отандық футбол жетекшісінің бастамасымен өткен кездесуге ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев, Төрешілердің сараптамалық комиссиясының төрағасы Сергей Кенетаев, сонымен қатар, ҚФФ заң департаментінің директоры әрі Integrity officer Әлібек Нұрсейітов қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз