Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстан Еуразиядағы құрғақшылықтың салдарынан дәнді дақылдар түсімінің төрттен бір бөлігін жоғалтуы мүмкін – шетелдік БАҚ шолуы

Бір ай бойғы құрғақ және ыстық ауа-райы, адамдардың сипатауынша қаншама жылдан бергі ең нашар ай биылғы жылы Қазақстанның астық экспортына айтарлықтай нұқсан келтірді. Естеріңізге сала кетейік, еліміз Орталық Азиядағы ең ірі астық өндіруші ел болып табылады.

Бұл жағымсыз жаңалықты 18 тамыздағы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев айтты.

“Құрғақшылықтың салдарынан биыл дәнді дақылдардың жағдайы едәуір нашарлады”, – деді ол.

Министр сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстандағы астық қоры 3,5 млн тоннаны, оның ішінде 2,8 млн тонна бидайды құрайтынын атап өтті. Айта кетейік, Қарашөкеевтің алдындағы министр шілде айында жұмыстан кеткен болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігі құрғақшылықтың салдарын жеңе алмады деп мәлімдеді.

Ресми деректер бойынша, қазіргі уақытта елімізде өндірістік алаңдардың 9,9%-ынан 1,5 млн тонна астық жиналды. Егін жинаудың ең белсенді кезеңі жақын күндері басталады деп күтілуде. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, осы маусымда Қазақстан 6,5-7 млн тонна астық пен ұн экспорттайды. 2020/21 жылғы маусымда ел 8 млн тоннаға жуық экспорттады.

Ыстық Еуразия

Қазақстан – ауыл шаруашылығы үшін жұт әкелген күннің ыстығымен күресіп жатқан жалғыз ел емес. Өткен аптада Иран да биыл астық түсімі өте төмен болатынын мойындады. Соңғы бес жылда алғаш рет елге бидай импорттауға тура келеді.

Армения соңғы 10 жыл ішінде болмаған азық-түлік бағасының күрт өсуін тоқтатуға тырысуда. Өсудің себептерінің бірі — құрғақшылықтың салдары және ауыл шаруашылығындағы өндірістің төмендеуі.

Түркия арпа импортына жаңа тендер ашты. Алдыңғысынан баға жоғары болғандықтан бас тартты. Сонымен бірге, АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі (USDA) Түркия үшін 2021/22 жылға арналған бидай өндірісін бағалауды одан әрі төмендетті:

  • жыл басында болжам 18,25 млн тонна
  • мамырда — 17,25 млн
  • шілде — 17 млн тонна
  • қазір — 16,5 млн тонна болды.

Қазақстанға келетін болсақ, үкімет Ресейдің салыстырмалы түрде жоғары қоры мен импортқа сеніп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз